Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2025 жылғы 17 қазандағы Астана қаласы әкімдігінің «№2 Көпбейінді қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК-нан келіп түскен № 6 «Дерматофития верхней части головы» жағдайын тіркеу туралы шұғыл хабарлама.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 17.10.2025 ж. - 12.11.2025 ж. аралығы
5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Астана қаласы әкімдігінің «№110 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеу барысында спорт залындағы санитарлық талаптардың бұзылғаны анықталды: спорттық инвентарьлардың тиісті өңделмеуі, киім ауыстыратын бөлмелерде қол жууға және кептіруге арналған құралдардың, дәретхана қағаздарының болмауы; дезинфекциялық ерітінділердің дайындалған күні көрсетілмей сақталуы; жинау құралдарының тиісті түрде таңбаланбауы және оларды сақтау тәртібінің бұзылуы анықталды.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Астана қаласы әкімдігінің «№110 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ лауазымды тұлғасы
- Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, іс-шараларды көрсете отырып ұсыным берілді.