Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша Басқарма мамандары мен жаңадан жұмысқа қабылданған қызметкерлерге оқыту семинары өткізілді.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі ережелері қаралып, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының жолын кесу, олардың түрлері мен көріністері, сондай-ақ жауапкершілік шаралары туралы түсініктемелер берілді.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы, заңға қайшы сипаттағы ұсыныстар түскен жағдайда мемлекеттік қызметшінің іс-әрекет тәртібі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық белгілері анықталған жағдайда әрекет ету алгоритміне ерекше назар аударылды.