Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Оң хаттамаларға сәйкес бақылау сатып алу қорытындылары бойынша өнімді зерттеу нәтижесі
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Астана қаласы Есіл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылмаған
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 2025 жылғы 16 маусым – 11 шілде аралығы
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Kaber Kids» ойыншықтар дүкені, Ешекеева Айгерим Канатовна, «Kaber Kids» ЖК
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: тауарға ілеспе құжаттар, оның ішінде жүкқұжаттар, сәйкестік туралы декларациялар, сондай-ақ өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар ұсынылмаған, бұл келесі нормативтік актілердің бұзғандығын көрсетеді: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі 360-VI ҚРЗ Кодексінің; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы 69 бұйрығымен бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидалары; «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің 008/2011 (TP TC 008/2011) талаптары; Кеден одағының техникалық регламенттеріне және оларды ресімдеу қағидаларына сәйкестік сертификатының және сәйкестік туралы декларацияның бірыңғай нысандары туралы талаптар (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы 293 шешімі).
  7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Kaber Kids» ойыншықтар дүкені, Ешекеева Айгерим Канатовна, «Kaber Kids» ЖК
  8. Қабылданған шаралар: Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) онімді (тауарды) алын қою және откізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы берілді.
Дата публикации
14 октября 2025