Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Оң хаттамаларға сәйкес бақылау сатып алу қорытындылары бойынша өнімді зерттеу нәтижесі
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Астана қаласы Есіл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылмаған
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 2025 жылғы 3 шілде – 31 шілде аралығы
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Пищеторг» ЖШС, «Гастроном» супермаркеті, Астана қ., Есіл ауданы, Сарайшық көшесі, 7А.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы №769 шешімімен бекітілген «Қаптаманың қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 005/2011) Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмейтін таңбалаудың жоқтығы анықталды: импорттаушы, шығарылған күні, жарамдылық мерзімі, мемлекеттік тілге аудармасы, құрамы.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Пищеторг» ЖШС, «Гастроном» супермаркеті
- Қабылданған шаралар: Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) онімді (тауарды) алын қою және откізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы берілді.