Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2025 жылғы 20 наурыздағы «№3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-дан түскен № 542, 544, 545 шұғыл хабарламалар және 2025 жылғы 20 наурыздағы «Жұқпалы аурулар орталығы» ШЖҚ МКК-дан түскен № 1,2,3,4,5 шұғыл хабарламалар негізінде жіті ішек инфекциясын тіркеу бойынша
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Астана қаласы Есіл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылмаған
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 2025 жылғы 20 наурыз – 18 сәуір аралығы
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Tasty Food» ЖК, «Шашлычок» кафесі, Астана қ., Есіл ауданы, Түркістан 16
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: № ҚР ДСМ-16 СЕ 11-тарауы 2-тармағына сәйкес азық-түлік шикізатының, шикі жартылай фабрикаттардың және дайын тамақ өнімдерінің, пайдаланылған және таза ыдыстардың қарсы және айқас ағындарын болдырмайтын технологиялық процестердің кезектілігі мен ағыны; №16 СЕ 48-тармағына сәйкес кесу мүкәммалын, цехішілік жабдықты таңбалаудың болмауы; №16 БК 2-тарауының 19-тармағына сәйкес асхананы, шай ыдыстарын жууға арналған жеке үй-жай немесе учаске, пайдаланылған ыдыстарды қабылдауға және беруге арналған жабдықтар орнатыла отырып, сондай-ақ пайдаланылған және таза ыдыстардың олардың қарсы немесе айқас ағындарын болдырмайтын қозғалыс ағынын сақтау үшін көлемдік-жоспарлау шешімдерінің бірі ретінде таңдау кезінде, пайдаланылған ыдыстарды қабылдау және беру үшін бөлек терезелер құрылғысын пайдалану көзделмеген; №16 БК 4-тарауының 66-тармағына сәйкес арнайы бөлінген жинау мүкәммалын таңбалаудың және сақтаудың болмауы.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Tasty Food» ЖК, «Шашлычок» кафесі
- Қабылданған шаралар: жедел ден қою шарасы қабылданды (Staphylococcus aureus тасымалдаушылары болып табылатын қызметкерлерді жұмыстан уақытша шеттету туралы 25.04.2025 №1, №2 қаулылары шығарылды), анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар берілді, материал сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу үшін құқық қорғау органдарына берілді.