Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2025 жылғы 20 наурыздағы «№3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-дан түскен № 542, 544, 545 шұғыл хабарламалар және 2025 жылғы 20 наурыздағы «Жұқпалы аурулар орталығы» ШЖҚ МКК-дан түскен № 1,2,3,4,5 шұғыл хабарламалар негізінде жіті ішек инфекциясын тіркеу бойынша
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Астана қаласы Есіл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылмаған
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 2025 жылғы 20 наурыз – 18 сәуір аралығы
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Астана медресе колледжі» ЖМ, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 109.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: «Астана медресе колледжі» ЖМ асханасы эпидемиологиялық маңызы жоғары объект болып табылады, отыратын орындар саны-68. Сәйкестік туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды жоқ.
Бөлшектеу инвентарі, Цех ішіндегі жабдық, сыйымдылықтар таңбаланбаған (17.02.2022 ж.№16 БК 48-тармағы).
Жұмыртқаларды өңдеу және сақтау үшін жеке таңбаланған ыдыстар мен ыдыс-аяқтар бөлінбеген (127 БК№16 ОМ 17.02.2022 ж. т.).
Нысан жеткілікті мөлшерде таңбаланған жинау инвентарымен қамтамасыз етілмеген (атап айтқанда, санитариялық тораптарға, ыстық цехқа, асхана залына арналған сүрткіштер мен шелек таңбаланбаған), оны сақтау үшін орын ұйымдастырылмаған - жинау инвентарі ыстық цехқа кірер алдында сақталады (17.02.2022 ж.№16 БК 66-тармағы).
Өндірістік бақылау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылмаған, өндірістік бақылау бағдарламасы жоқ (17.02.2022 ж.№16 БК 279 т.).
Жеке және арнайы киімдерді бөлек сақтау ұйымдастырылмаған, арнайы киімдерді жуу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылмаған (17.02.2022 ж. №16 БК 296 т.).
«Астана медресе колледжі» ЖМ қыздарға арналған жатақхана эпидемиологиялық маңызы жоғары объект болып табылады, сәйкестік туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды жоқ.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Астана медресе колледжі» ЖМ асханасы, «Астана медресе колледжі» ЖМ қыздарға арналған жатақхана.
- Қабылданған шаралар: Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің жедел ден қою шарасын қолдану туралы бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) немесе оның жекелеген түрлерінің (процестерінің, іс-қимылдарының) өндірісіне, өніміне (тауарына), қызмет көрсетуіне, жұмыстарын орындауына тыйым салу туралы қаулысы шығарылды; материал сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу үшін құқық қорғау органдарына берілді.