Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Жіті ішек инфекциясының 3-тен астам жағдайын тіркеу бойынша «Қалалық жұқпалы аурулар орталығы» ШЖҚ МКК-дан түскен 2025 жылғы 19 мамырдағы №934, №935 шұғыл хабарламалар және 2025 жылғы 20 мамырдағы №936 «шұғыл хабарламалар
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Астана қаласы Есіл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылмаған
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 2025 жылғы 21 мамыр – 19 маусым аралығы
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Кәусар» шайханасы Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі, 13.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тергеу барысында Е. licenze.kz базасында және тағаз түрінде «Ілес Аружан Маратқызы» ЖК 200 орындық «Кәусар» шайханасына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы рұқсат беру құжатының - санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болмауы анықталды.
  7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Ілес Аружан Маратқызы» ЖК, «Кәусар» шайханасы.
  8. Қабылданған шаралар: Жедел ден қою шаралары қабылданды: Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің жедел ден қою шарасын қолдану туралы бақылау және қадағалау субъектісінің немесе оның жекелеген түрлерінің өндірісіне, өніміне (тауарына), қызмет көрсетуіне, жұмыстарын орындауына тыйым салу туралы 2025 жылғы 10 маусымдағы №1 қаулысы; 2025 жылғы 4 маусымдағы №11 және 2025 жылғы 13 маусымдағы  №11  жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулылар; Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын колдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2025 жылғы 30 мамырдағы №3  каулысы берілді.

 

Дата публикации
14 октября 2025