Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Нұра, Сарайшық аудандарының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларынан Астана қаласы, Есіл ауданы, Д. Қонаев көшесі, 12/1 үй мекен-жайында орналасқан «Көктем» кафесінен тамақ ішетін науқастар арасында «Жедел ішек инфекциясы» 3 жағдайының № 1845, 1846, 1405 шұғыл хабарламалардың келіп түскені туралы  келіп түскен хаттар (10.09.2025 ж. № 1089, 12.09.2025 ж. № 1098 )    
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Астана қаласы Есіл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылмаған
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 2025 жылғы 12 қыркүйек – 10 қазан аралығы
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Умаров С.А.» ЖК, «Көктем» кафесі, Астана қ., Есіл ауданы, Д. Қонаев көшесі, 12/1.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: тамақтан уланудың тән клиникалық белгілері; тамақтан улану кезіндегі тән инкубациялық кезең; эпидемиологиялық процеске тұрғылықты жері бойынша бір-бірімен байланысты емес, бірақ тамақ ішу уақыты мен орны бойынша байланысты жағдайларды тарту; Salmonella enterica I, enteritidis var.jena патогенді микрофлорасының шикі (тұтас тауық және тауық аяғы) шикі тағам өнімдерінің 2 сынамасынан табылуы науқастарда патогенге түрге жататындығымен бірдей; ас үйде дезинфекциялық режимді сақтамау, бұл дезинфекциялық құралдардың берілген концентрацияға сәйкес еместігі расталады; бактериологиялық бақылау нәтижелері бойынша БГКП. сыртқы шайындыларынан 60 шайындының 20 анықталды.
  7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Умаров С.А.» ЖК, «Көктем» кафесі
  8. Қабылданған шаралар: Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын колдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің каулысы берілді, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тергеу нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 425-баптың 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жазалау шаралары қабылданды.
Дата публикации
14 октября 2025