Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен 01.07.2025 ж. «Сібір жарасы» жұқпалы ауруының тіркелгені және сатылған ет Астана қаласы, Есіл ауданы, Аққұм көшесі, 2А мекенжайында орналасқан «Ташкент» кафесіне жеткізілгені туралы келіп түскен шығыс №24-21-09-14/2076—И хаты.
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Астана қаласы Есіл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылмаған
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 2025 жылғы 2 шілде – 3 шілде аралығы
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Айтмагамбетова Г.С» ЖК, «Ташкент» кафесі, Астана қ., Есіл ауданы, Аққұм көшесі, 2А.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеу барысында «Ташкент» каефсіне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы рұқсат беру құжатының - санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болмауы анықталды; зоонозды және инфекцияларға микробиологиялық зерттеуге 10 шайындысын зерттеу нәтижесінде бір шайындыда (мұздатқыштың сыртқы бетінен) ДНҚ Bacillus anthracis РХО2 анықталды.
  7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Айтмагамбетова Г.С» ЖК, «Ташкент» кафесі.
  8. Қабылданған шаралар: Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің жедел ден қою шарасын қолдану туралы бақылау және қадағалау субъектісінің немесе оның жекелеген түрлерінің өндірісіне, өніміне (тауарына), қызмет көрсетуіне, жұмыстарын орындауына тыйым салу қаулысы берілді. Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын колдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің каулысы беріліп, 76,075 кг -сиыр еті, 126,63 кг - қой еті, 41,848 кг - тауық еті, 412 кг - жартылай фабрикат, 20 кг - шикі нан, 10 кг - төрт түлік майы өткізуден кері қайтарып алынып, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» ММ мамандарымен жойылды.
Дата публикации
14 октября 2025