Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Жіті ішек инфекциясының 3-тен астам жағдайын тіркеу бойынша «№3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-дан келіп түскен 2025 жылғы 30 сәуірдегі №814, 815 және 2025 жылғы 28 сәуірдегі №796 шұғыл хабарламалар негізінде
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Астана қаласы Есіл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылмаған
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 2025 жылғы 30 сәуір – 30 мамыр аралығы
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Койшигарин Алтынбек Серикович (AyaGroup) 811124300988, «Expo Market» дүкені, Астана қ., Есіл ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 36/2.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: тамақтан уланудың тән клиникалық белгілері; тамақтан улану кезіндегі тән инкубациялық кезең; эпидемиологиялық процеске тұрғылықты жері бойынша бір-бірімен байланысты емес, бірақ сатып алу уақыты мен орны бойынша байланысты жағдайларды тарту.
  7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Expo Market» дүкені, Койшигарин Алтынбек Серикович (AyaGroup) 811124300988
  8. Қабылданған шаралар: Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын колдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің («quester» сэндвичі) 2025 жылғы 2 мамырдағы №2 каулысы берілді.

 

Дата публикации
14 октября 2025