Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Жіті ішек инфекциясының 3-тен астам жағдайын тіркеу бойынша «Жұқпалы аурулар орталығы» ШЖҚ МКК-дан келіп түскен 2025 жылғы 28 сәуірдегі №799, 790 және 2025 жылғы 29 сәуірдегі №804, 874 шұғыл хабарламалар негізінде
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Астана қаласы Есіл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылмаған
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 2025 жылғы 30 сәуір – 29 мамыр аралығы
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: СМАГУЛОВА МЕРУЕРТ КОЖАБЕКОВНА (Дана) ЖК, «DN» дүкені, Астана қ., Есіл ауданы, Қабанбай Батыр даңғылы, 58Б.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Жұмысқа жіберілгені туралы белгісі бар медициналық тексеруден өткен жеке медициналық кітапшалар ұсынылмаған; өнімге қауіпсіздікті растайтын тауарға ілеспе құжаттар ұсынылмаған.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: СМАГУЛОВА МЕРУЕРТ КОЖАБЕКОВНА (Дана) ЖК, «DN» дүкені
- Қабылданған шаралар: Тергеу барысында St. aureus бактерия тасығыштары жұмыстан уақытша шеттету нысанында жедел ден қою шаралары қабылданды (05.05.2025 ж. №9, 30.04.2025 ж. № 8) және кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тергеу нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 425-баптың 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жазалау шаралары қабылданды, іс-шараларды көрсете отырып, ұсыным берілді.