Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: жедел ішек инфекциясы жағдайларын тіркеу туралы 26.05.2025 ж. № 1104, 26.05.2025 ж. № 1110 және № 1111 шұғыл хабарламалар.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылғанжоқ
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 19.05.2025 ж. - 20.06.2025 ж. аралығы
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:«Зинагуль» жеке кәсіпкердің «Окадзаки» кафесі.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында Қазақстан Республикасының заңнамасы мен санитариялық қағидалардың талаптарын бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда үй-жайларды жиынтығы, пайдаланылған және таза ыдыс-аяқтардың қозғалыс ағыны бойынша, тамақ өнімдерін сақтау кезінде тауарлық көршілестік қағидатын сақтамау, жұмыртқаларды өңдеуге арналған таңбаланған ыдыстардың болмауы, тағамдарды дайындау кезінде технологиялық процеске, сондай-ақ жабдықтарды ағымдағы жинауға, дезинфекциялау құралдарын сақтауға, жұмыс ерітінділерін дайындауға қойылатын талаптарды сақталмауы тамақ өнімдерін, жуу және дезинфекциялау құралдарды зертханалық зерттеудің оң нәтижелерімен расталды. Staphylococcus aureus тасымалдаушылыққа тексеру нәтижесінде 2 қызметкерде оң нәтиже анықталды.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Зинагуль» жеке кәсіпкер.
- Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында санитариялық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды және ас блогында жұмыс істейтін жеке тұлғаларды жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулы шығарылды, бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс берілді.