Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

 

Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы  тергеп-тексеру жүргізу қағидаларына
7-қосымша

 Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

            1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Бақылау мақсатында сатып алу қорытындысы бойынша тамақ өнімдерінің үлгілерін зерттеу нәтижелері (ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Астана қаласы бойынша филиалымен берілген 2025 жылғы 14 тамыздағы №2250001025416807 зертханалық зерттеу хаттамасы).

            2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Басқармасы» РММ.

            3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылмаған.

4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 2025 жылдың 4 - 12 қыркүйек аралығында.

         5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Медеу» жеке кәсіпкері.

         6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: бұзушылықтар анықталған жоқ.

7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: бұзушылықтар анықталған жоқ.

  1. Қабылданған шаралар: шара қолданылған жоқ.

 

 

 

Дата публикации
08 октября 2025