Тергеп-тексеру жүргізу нәтижесі туралы ақпарат
Астана қаласы, Нұра ауданы, Қорғалжын тас жолы, 31 мекенжайы бойынша орналасқан "Бөбек Медина" ЖШС "Медина-2" балабақшасына баратын балалар арасында жіті ішек инфекциясының 3 жағдайы тіркелуіне байланысты "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының маманын тарта отырып, Астана қаласы Нұра ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы"Астана қаласы бойынша 2025 жылғы 15 қаңтар мен 2025 жылғы 7 ақпан аралығында "Бөбек Медина" ЖШС "Медина" балабақшасына қатысты тергеп-тексеру жүргізілді.
Тергеп-тексеру барысында ас блогын қажетті аспаптармен және жабдықтармен толық жарақтандырмау, медициналық құжаттаманы толық көлемде жүргізбеу, жинау мүкәммалын дұрыс сақтамау, балаларды күнделікті таңертеңгі тексерусіз топтарға жіберу бөлігінде санитариялық қағидалар талаптарының бұзылуы анықталды, сондай-ақ сыртқы орта сынамаларын зертханалық зерттеулердің оң нәтижелері анықталды.
Тергеп-тексеру барысында "Бөбек Медина" ЖШС-не қатысты санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды және тергеу нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 425-баптың 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жазалау шаралары қабылданды, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.