Тергеп-тексеру жүргізу нәтижесі туралы ақпарат
2024 жылғы 26 желтоқсаны мен 2025 жылдың 05 қаңтары аралығында бақылау мақсатында сатып алу қорытындысы бойынша өнімді зерттеу нәтижесі (Астана қаласы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалы берген 12.12.2024 ж. № 2240001023914434 тамақ өнімдерінің үлгілерін зерттеу хаттамасы) негізінде Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 55 Д үй мекенжайында орналасқан "Magnum Cash&Carry" ЖШС-нің Нұр-Сұлтан қаласындағы № 15 филиалына қатысты тергеп-тесеру жүргізілді. Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзушылығы анықталған жоқ.