Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 13.12.2024 ж. № 1866, 17.12.2024 ж. № 1879, 18.12.2024 ж. № 1789, 19.12.2024 ж. № 1915 жедел ішек инфекция жағдайлары бойынша тіркелген шұғыл хабарламалар.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылғанжоқ
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 19.12.2024 ж. - 17.01.2025 ж. аралығы
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:«Үміт-НТ» ЖШС.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тергеу барысында рұқсат құжаттарының болмауы, тамақ қалдықтарын сақтауға қойылатын талаптардың сақталмауы, өндірістік үстелдерді таңбалаудың болмауы, өндірістік бақылау бағдарламасының болмауы, технологиялық процестердің бұзылуы (таза және лас ас үй мен асхана ыдыстарының қарсы және айқас ағындарына жол берілген) сияқты Қазақстан Республикасы заңнамасының және санитариялық қағидалардың талаптарының бұзылуы анықталды.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Үміт-НТ» ЖШС
- Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды, адамдарды жұмыстан шеттету түрінде жедел ден қою шарасы қолданылды, кәсіпкерлік субъектісі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі шеңберінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.