Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің әдеп жөніндегі уәкілінің 2025 жылдың 9 айында атқарған жұмысы туралы

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 49-бабына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын бақылауды әдеп жөніндегі уәкіл жүзеге асырады.

2025 жылдың 9 айының ішінде әдеп жөніндегі уәкіл тарапынан төмендегідей жұмыстар атқарылды:

22 мемлекеттік қызметшіге жеке қабылдау өткізіліп, консультативтік көмек көрсетілді.

9 ай ішінде 8 тікелей эфир, 9 семинар-кеңес өткізілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№3 мекемесінде» 1 рет бару іс-шарасы ұйымдастырылды. Әдеп жөніндегі уәкілдің жеке парақшасында және сайтта 48 материал мен бейнеролик жарияланды.

Тікелей эфирлер:

  1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылып жатқан жұмыстар»;
  2. «Мемлекеттік қызметшілер арасындағы лудоманияның алдын алу»;
  3. «Әдеп жөніндегі уәкілдің 6 айдағы атқарған жұмысы туралы»;
  4. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі әлеуметтік желілерде өз парақшасын қалай жүргізуі керек?»;
  5. «Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу»;
  6. «Мемлекеттік қызметтегі лудомания»;
  7. «Мемлекеттік қызметшінің әдеп нормалары»;
  8. «2025 жылдың 8 айындағы келіп түскен өтініштерді талдау».

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бейнеролик – 1.

Семинарлар тақырыбы:

  1. «Бұзушылықтардың алдын алу: мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әдептік тәуекелдерді қалай болдырмауы керек?» – Нұра ауданының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары қатысты;
  2. «Заң және дін» – «Qamgor Astana» ҚҚ өкілдерінің, теолог пен маманның қатысуымен, Есіл ауданының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары қатысты;
  3. «Лудомания: мемлекеттік қызметшілер арасындағы қауіп-қатер, салдары және алдын алу шаралары» – Астана қаласының Алматы ауданы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарына өткізілді;
  4. «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары» және басқа мәселелер – Есіл ауданының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары қатысты;
  5. «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қызметтік құпиясы бар құжаттармен жұмыс істеу тәртібін сақтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері» –Астана қаласының «Алматы», «Байқоңыр», «Сарайшық», «Сарыарқа» аудандарының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары қатысты;
  6. Сол тақырыптағы семинар – Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және «Есіл», «Нұра» аудандары басқармаларының мамандары қатысты;
  7. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы өкілінің қатысуымен – Департамент пен аудандық басқармалардың басшылары мен мамандары қатысты;
  8. «Заң және дін», «Бұзушылықтардың алдын алу» – «Qamgor Astana» ҚҚ өкілдерінің қатысуымен Сарайшык ауданы басқармасының мамандары қатысты;
  9. «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» – «Qamgor Astana» ҚҚ өкілдерінің және Дін істері басқармасы мамандарының қатысуымен Алматы ауданы басқармасының мамандары қатысты.

2025 жылғы 27 ақпанда сыбайлас жемқорлық және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Департамент пен аудандық басқармаларға жаңадан қабылданған мамандар үшін ҚР ІІМ ҚАЖК «№3 мекемесіне» бару іс-шарасы ұйымдастырылды. 17 адам қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереженің 2-бөлімінің 5-тармағына сәйкес, ұжымдағы жағымды имидж бен позитивті ахуал қалыптастырғаны үшін 5 мемлекеттік қызметшіге біржолғы ақшалай көтермелеу берілді.

Әлеуметтік желілерге (Одноклассники, Мой мир, ВКонтакте, Instagram) мониторинг жүргізілді, мемлекеттік қызметшілер аккаунттарында заң бұзушылықтар анықталған жоқ.

2025 жылдың 9 айында БАҚ-та, атап айтқанда «Жалобы Астана», «Что? Где? Когда?» топтарында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлерінің қызметіне қатысты оң немесе теріс пікірлер тіркелген жоқ.

Құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау үшін тәртіптік тәжірибе мен қызметтік тергеп-тексеру материалдары зерделенді.

Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне мемлекеттік қызметшілердің заңсыз әрекеттеріне қатысты хабарламалар түскен жоқ – 0.

Тәртіптік комиссияда қаралмай (қызметші өз кінәсін мойындаған жағдайда) тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер – 15, оның ішінде ескерту – 11, сөгіс – 4, қатаң сөгіс – 0.

Басшы лауазымындағы мемлекеттік қызметшілер – 6, өзге мемлекеттік лауазымдардағы – 9.

Мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылықтар – 0, ҚР өзге заңнамасын бұзу фактілері – 15.

Тәртіптік комиссияның немесе өзге уәкілетті органдардың ұсынымдары негізінде тәртіптік жаза қолданылғандар – 0 (ескерту – 0, сөгіс – 0, қатаң сөгіс – 0).

Қызметтік әдеп нормаларының сақталуы мен ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды мониторингтеу үшін анонимді сауалнамаға 53 мемлекеттік қызметші қамтылды, нәтижелері талданып, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру бойынша ұсынымдар берілді.

Қызметкерлер арасында мүдделер қақтығысы жағдайлары тіркелген жоқ.

 

Әдеп жөніндегі уәкіл                                                     Г. Тағаева

Дата публикации
30 сентября 2025