Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2025 жылдың 04 қыркүйекте Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК-нан келіп түскен №60-н ««Инфильтративный туберкулез обоих легких в фазе распада и обсеменения МБТ (+), чувствительный, новый случай»» жағдайын тіркеу туралы шұғыл хабарлама.
2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Есіл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ
4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: ЕРСОП №24 09.09.2025 ж. - 07.10.2025 ж. аралығы. Тексерудің нақты басталған күні: 12.09.2025 ж. тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт 23.09.2025 жылы берілді.
5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: медициналық орталық «Медикер Астана» ЖШС, Астана қ., Есіл ауданы, Д.Қонаев көшесі, 6 үй.
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеу барысында санитариялық қағидалар талаптарының бұзылуы анықталды, атап айтқанда диспансерлік науқастарды есепке алу жүзеге асырылмайды, зерттеулер жүргізуге бақылау жоқ, ошақты сауықтыру жөніндегі іс-шаралар іске асырылмайды.
7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Медикер Астана» ЖШС