Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Халықтың санитариялық-

эпидемиологиялық

саламаттығы саласындағы

тергеп-тексеру жүргізу

қағидаларына

7-қосымша

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2025 жылдың 23 шілдесінде  Астана қаласы әкімдігінің «№3 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-нан келіп түскен №144 «Қызылша?»  жағдайын тіркеу туралы шұғыл хабарлама.

2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан  Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау департаменті Астана   қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасы» РММ.

3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ

4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 24.07.2025 ж. - 14.08.2025 ж. аралығы

5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Great Children» ЖШС «Корпорация детей» бала-бақшасы.

6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы  нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының  себептері мен сипаты: Тергеу барысында қызылшаға қарсы ұжымдық иммунитеттің кемінде 90%-ға жету талабының орындалмауы және балаларды күнделікті таңертеңгілік тексеруден өткізбеу сияқты санитарлық ережелердің бұзылғаны анықталды.

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы       нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Great Children» ЖШС
  2. Қабылданған шаралар:Тергеп-тексеру барысында санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды және тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін кәсіпкерлік субъектісіне қатысты "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 425-баптың 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жазалау шаралары қабылданды, іс-шараларды көрсете отырып, ұсыныс берілді.

 

Дата публикации
26 августа 2025