Есіл ауданы СЭББ мамандарымен семинар өтті

2025 жылғы 14 тамызда Астана қаласы Есіл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында бөлім басшылары мен мамандардың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының міндетті талаптарын орындау бойынша семинар өтті.
Басқарма басшысы Г.Шаймерденова семинар барысында мамандарға Заңның негізгі талаптарына тоқталды. Яғни, мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық заңнамасын сақтауға, өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға, өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы жоғары тұрған басшылыққа дереу хабарлауға және қолданыстағы заңнама шеңберінде жұмысты орындауға міндетті екендігін түсіндірді.

Дата публикации
15 августа 2025