Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Халықтың санитариялық-

эпидемиологиялық

саламаттығы саласындағы

тергеп-тексеру жүргізу

қағидаларына

7-қосымша

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  

1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2025 жылдың 2 мауcымында Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК-нан келіп түскен №41 «Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі, ыдырау фазасында МБТ (+), дәріге төзімді, жаңа анықталған жағдайы» жағдайын тіркеу туралы шұғыл хабарлама.

2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан  Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау департаменті Астана   қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасы» РММ.

3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ

4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 19.06.2025 ж. - 27.06.2025 ж. аралығы

5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «CITY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

 6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы  нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының  себептері мен сипаты: Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының бұзушылықтары анықталған жоқ.

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ
  2. Қабылданған шаралар: жоқ
Дата публикации
30 июня 2025