Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2025 жылдың 26 мамырында Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК-нан келіп түскен № 37 «Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі. МБТ (+), дәріге төзімді, жаңа анықталған жағдайы» жағдайын тіркеу туралы шұғыл хабарлама.
2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ
4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 28.05.2025 ж. - 25.06.2025 ж. аралығы
5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: "ЖАНҰЯ" Қазақстандық әлеуметтік-медициналық компаниясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының бұзушылықтары анықталған жоқ.