Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Халықтың санитариялық-

эпидемиологиялық

саламаттығы саласындағы

тергеп-тексеру жүргізу

қағидаларына

7-қосымша

 Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

 Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2025 жылдың 14 мамырында Астана қаласы әкімдігінің «№6 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-нан келіп түскен № 73 «Ыдырау және себілу фазасындағы инфильтративті сол жақ өкпе туберкулезі, МБТ(-) – дәріге төзімді, жаңа жағдай» жағдайын тіркеу туралы шұғыл хабарлама.

  1. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана   қаласы Алматы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасы» РММ.
  2. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ.
  3. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 19.05.2025 ж. - 13.06.2025 ж. аралығы.
  4. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Астана қаласы әкімдігінің «№6 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-сі, Астана қаласы әкімдігінің «Темірбек жүргенов атындағы №70 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК-сі.
  5.   Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында санитариялық қағидалар талаптарының бұзылуы анықталмады.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:
  7. Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында санитариялық қағидалар талаптарының бұзылуы анықталмады.

 

Дата публикации
27 июня 2025