Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Халықтың санитариялық-

эпидемиологиялық

саламаттығы саласындағы

тергеп-тексеру жүргізу

қағидаларына

7-қосымша

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

 Тергеп-тексеру жүргізудің негізі:

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ “№3 Қалалық емханасы” МКК-нен 2025 жылғы 16 мамырдағы Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Таха Хусейна көшесі, 5/1 мекен-жайында орналасқан  ШЖҚ "Астана қаласы әкімдігінің Қ.Кайсенов атындағы №27 мектеп-лицей" МКМ –нің оқушылар арасында қызылша  жағдайлары тіркелуіне    № 81, 83 шұғыл хабарламалар.

  1. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана  қаласы Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасы» РММ.
  2. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ
  3. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 20.05.2025 ж. – 13.06.2025 ж. аралығында.
  4. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:

Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Таха Хусейн көшесі, 5/1 мекен-жайында орналасқан  ШЖҚ "Астана қаласы әкімдігінің Қ.Кайсенов атындағы №27 мектеп-лицей" МКМ-нде  ШЖҚ "Астана қаласы әкімдігінің № 13 қалалық емхана» МКМ-нің   медициналық кабинеті

  1.   Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында санитариялық ережелер бұзушылықтары анықталмады.
  2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:  жоқ.
  3. Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында санитариялық ережелер бұзушылықтары анықталмады. Санитариялық-алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы қаулы берілді.

 

Дата публикации
26 июня 2025