Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2025 жылдың 15 мамырында Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК-нан келіп түскен № 23 «Ыдырау және себілу фазасындағы инфильтративті өкпе туберкулезі, МБТ(+) – сезімтал туберкулез, жаңа жағдай» жағдайын тіркеу туралы шұғыл хабарлама.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 19.05.2025 ж. - 13.06.2025 ж. аралығы
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Поликлиника «CITY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында туберкулезге міндетті жыл сайынғы флюорографиялық тексеруге жататын адамдарды жоспарлау бөлігінде санитариялық қағидалар талаптарының бұзылуы анықталды.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Поликлиника «CITY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
- Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды және тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін кәсіпкерлік субъектісіне қатысты "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 425-баптың 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жазалау шаралары қабылданды, іс-шараларды көрсете отырып, ұсыныс берілді.