Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Халықтың санитариялық-

эпидемиологиялық

саламаттығы саласындағы

тергеп-тексеру жүргізу

қағидаларына

7-қосымша

 

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

 Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық инфекциялық орталығы» МКК-нен 2025 жылғы 13 мамырдағы №1057 "Ауыр дәрежедегі инфекциялық тектес жіті гастроэнтерит" жағдайын тіркеу туралы және 2025 жылғы 16 мамырдағы №408, №897 және №1059 "Ауыр дәрежедегі жіті гастроэнтерит" жағдайларын тіркеу туралы түскен шұғыл хабарламалар.

  1. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана   қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасы» РММ.
  2. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ
  3. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 16.05.2025 ж. – 10.06.2025 ж. аралығы
  4. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Pate Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
  5.   Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында Қазақстан Республикасының заңнамасының және санитариялық ережелердің талаптарын бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда: жылу мен ылғалдың бөліну көзі болып табылатын жууға арналған раковиналардың үстінде сору желдеткіштерінің болмауы; жұмыртқаларды өңдеуге арнайы бөлінген орында таңбаланған (маркировкаланған) ыдыстардың болмауы; үш секциялы жуу ваннасы бар жуу бөлімінің болмауы; пайдаланылған және таза ыдыстардың қарсы не айқас қозғалысын болдырмайтын қозғалыс ағымдылығының сақталмауы; өндірістік, қосалқы, қойма және тұрмыстық үй-жайларды жинау, сондай-ақ тағам өнімдерімен жанасатын жабдықты, құрал-саймандар мен ыдыстарды жуу бір персоналмен жүргізілуі; қоғамдық тамақтану нысаны жұмыс істеп тұрған кезде азық-түлік өнімдерін нысанның алдыңғы кіреберісі арқылы қабылдауға жол берілуі. Зертханалық зерттеулер нәтижесінде дайын тағам өнімдерінде, дезинфекциялық құралдарда және сынамалардан алынған микробиологиялық зерттеулерде сәйкессіздіктер анықталды, бұл дайын өнімді қабылдау, сақтау және өткізу талаптарының, дезинфекциялық құралдарды сақтау мен жұмысшы дезинфекциялық ерітінділерін дайындау тәртібінің сақталмағанын, сондай-ақ технологиялық, тоңазытқыш жабдықтарды, құрал-саймандар мен ыдыстарды уақтылы тазалау жүргізілмегенін көрсетеді. Сонымен қатар, зерттелген 8 қызметкердің ішінен 1 қызметкерден Staphylococcus aureus тасымалдаушысы анықталды.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Pate Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
  7. Қабылданған шаралар: Кәсіпкерлік субъектісіне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды, сонымен қатар, жедел ден қою шаралары қабылданды (қызметкерлерді уақытша жұмысынан шеттету, техникалық регламенттердің және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың біріңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді (тауарларды) айналымнан алып қою және сатудан қайтарып алу туралы қаулылар шығарылды); санитариялық-алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы қаулы берілді; анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар берілді.

.

 

Дата публикации
24 июня 2025