Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Халықтың санитариялық-

эпидемиологиялық

саламаттығы саласындағы

тергеп-тексеру жүргізу

қағидаларына

7-қосымша

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  Тергеп-тексеру жүргізудің негізі:

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ “№3 Қалалық емханасы” МКК-нен 2025 жылғы 08 мамырдағы Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Мақат көшесі, 4/А мекен-жайында орналасқан "Республиканская Медицинская Академия" ЖШС  медициналық колледжінің студентіңде туберкулез жағдайы тіркелуіне    № 71 шұғыл хабарлама.

  1. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана  қаласы Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасы» РММ.
  2. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ
  3. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 13.05.2025 ж. – 10.06.2025 ж. аралығында.
  4. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: "Республиканская Медицинская Академия" ЖШС
  5.   Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында санитариялық ережелер бұзушылықтары анықталмады.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:  жоқ.
  7. Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында санитариялық ережелер бұзушылықтары анықталмады. Санитариялық-алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы қаулы берілді.

 

Дата публикации
18 июня 2025