АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аумақтық басқармалары қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша
I Кіріспе
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың міндеттерін орындау мақсатында және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау кестесіне сәйкес, Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде (бұдан әрі – Департамент) жоспарлы ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау (бұдан әрі – ІСЖТ) жүргізілді.
Талдау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен Типтік әдістеме негізінде жүргізіліп, келесі бағыттарды қамтыды:
- нормативтік құқықтық актілерді (НҚА) талдау;
- ішкі рәсімдер мен регламенттерді зерделеу;
- басқарушылық шешімдерді бағалау;
- мемлекеттік қызметтер көрсету және бақылау жүргізу процестерін талдау;
- кадрлық рәсімдер мен мүдделер қақтығысын реттеу тетіктері.
Талдау кезеңі: 2024 жылдың II-IV тоқсандары.
Жұмыс тобы материалдарды, статистиканы, ішкі құжаттар мен регламенттерді, ақпараттық жүйелердегі деректерді, тексеру нәтижелерін, шағымдар мен өтініштерді жинап, зерделеді.
II Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
2.1. Нысандарды тексеру мерзімінің шектен тыс қатаңдығы
Қолданыстағы ережелерге сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нысанды тексеру 4 жұмыс күні ішінде аяқталуы тиіс. Бұл тәсіл нысанның ерекшелігін, қолжетімділігінің шектеулігін, қашықтығын немесе өндірістік қажеттілікті ескермейді.
Тәуекелдер:
- нысанға қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда формалды бас тарту;
- адалниетті өтініш берушілердің құқықтарының бұзылуы.
Ұсыныс:
Қызмет көрсету мерзімдеріне зиян келтірмей, нысанның ерекшелігіне қарай тексеру мерзімдерін келісу мүмкіндігін НҚА-ға енгізу.
2.2. Өндірістік бақылау бойынша бірыңғай есеп нысанының болмауы
Қолданыстағы реттеу есеп нысанын көздемейді. Ерікті түрде ұсынылған деректерді талдау және салыстыру мүмкін емес.
Тәуекелдер:
- бақылау жоспарларынан нысандарды негізсіз алып тастау;
- бұзушылықтарды жасыру;
- шешім қабылдауда ашықтықтың төмендеуі.
Ұсыныс:
Қызмет түрлері, бақылау нүктелері, зертханалық зерттеулер, растайтын құжаттар секілді міндетті элементтерді қамтитын есеп нысанын бекіту.
2.3. Санитариялық талаптардың анық еместігі
Талдау нәтижесі: кейбір санитариялық ережелерде:
- сілтемелік нормалар бар;
- әртүрлі түсінуге жол беріледі;
- денсаулық сақтау мен өндірістің жаңа түрлерін қамтымайды.
Тәуекелдер:
- бірыңғай құқық қолдану тәжірибесінің болмауы;
- шешімдерді жеке пікірмен қабылдау;
- субъект мүдделерін лоббилеу мүмкіндігі.
Ұсыныстар:
- Тамақ өндірісі объектілеріне қойылатын талаптарды нақтылау;
- Микроклимат нормаларын ГОСТ стандарттарымен үйлестіру;
- Клиникалық фармакологияның жаңа бөлімшелеріне арналған талаптарды әзірлеу.
III Ұйымдастырушылық-басқарушылық сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
3.1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету
Анықталған мәселелер:
- тексеру актілері шаблонмен, нақты емес формулировкалармен толтырылады;
- қолтаңбалар жоқ, қарама-қайшы тұжырымдар бар;
- регламенттерде көзделмеген қосымша талаптар қойылады;
- өзектілігін жоғалтқан НҚА пайдаланылады.
Ұсыныстар:
- Қорытындыларды қол қою алдында ішкі бақылауды күшейту;
- Актілердің мазмұнының толықтығын бақылау алгоритмін жасау;
- Құжаттамадағы шаблондық тәсілден бас тарту.
3.2. Нұсқамалардың орындалуын бақылау
Анықталған жүйелі бұзушылықтар:
- орындалу мерзімі аяқталғаннан кейін тексерулер жүргізілмейді;
- орындалу фактісі мен жауаптар тіркелмейді;
- мерзімдер объективті себепсіз ұзартылуда.
Тәуекелдер:
- нұсқамалардың орындалуын бақылау әлсірейді;
- бақылауда таңдамалылық болуы мүмкін.
Ұсыныстар:
- Нұсқамалардың орындалуын электронды есепке алуды енгізу;
- Орындалмаған және қайталанған бұзушылықтар бойынша тоқсан сайынғы талдау жүргізу.
3.3. Тексерулерді жоспарлау және «Smart Data Ukimet» жүйесімен жұмыс
Анықталған мәселелер:
- нысандар тексеру жоспарына дұрыс енгізілмеген;
- санаттар сәйкес келмейді;
- СЭЗ бойынша деректер жоқ.
Тәуекелдер:
- тексеру тізімінің «қолмен» қалыптастырылуы;
- субъектіні негізсіз жоспардан алып тастау.
Ұсыныстар:
- Субъектілер туралы мәліметтерді алдын ала верификациялау рәсімін енгізу;
- Мәліметтерді өзектендіру үшін тіркеуші және лицензиялаушы органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
3.4. Мемлекеттік қызметтер реестрінен тыс анықтамалар беру
Эпидемиологиялық ахуал туралы анықтамалар нормативтік түрде реттелмегенімен, азаматтар мен ұйымдардан жиі сұралады.
Тәуекелдер:
- заңдық негізсіз қызмет көрсету;
- өтініш берушілерге әртүрлі көзқарас;
- бақылау мен есептің болмауы.
Ұсыныстар:
- Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінен (КСЭК) түсіндірме алу;
- Қажеттілік танылған жағдайда нысанын, тәртібін және шарттарын бекіту;
- Негіз болмаған жағдайда мұндай анықтамаларды беру тәжірибесін тоқтату.
IV Кадрлық және басқарушылық тәуекелдер
Кадрлық қызметті талдау шеңберінде зерделенді:
- лауазымдарды ауыстыру тәжірибесі;
- конкурстарды өткізу;
- тәртіптік тәжірибе;
- мүдделер қақтығысының болуы.
Анықталды:
- бос лауазымдардың үлесі жоғары;
- еңбек жағдайларының тартымдылығы төмен болғандықтан конкурстарға қатысудан бас тарту жағдайлары бар;
- тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастау жағдайлары тіркелген;
- кадр шешімдері бойынша шағымдар түспеген.
Ұсыныс:
- Жастарды тарту мақсатында студенттер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
V Сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары лауазымдар тізбесі
Функциялар, өкілеттіктер және процестерге қатысу дәрежесіне байланысты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдар:
- Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беретін мамандар;
- Тексерулер жүргізетін қызметкерлер;
- Жобалық құжаттама мен нұсқамаларды келісетіндер;
- Лицензиялау мәселелері бойынша сыртқы өтініш берушілермен өзара іс-қимыл жасайтын қызметкерлер.
VI Қорытынды
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа алып келуі мүмкін жүйелік және жекелеген факторлар анықталды.
Мәселелер нормативтік олқылықтардан бастап ұйымдастырушылық және рәсімдік кемшіліктерге дейін әртүрлі сипатта көрінеді.
Осы жұмыстың нәтижесінде нақты ұсыныстар әзірленді, оларды іске асыру арқылы:
- дербес шешім қабылдау аясын қысқарту;
- рәсімдердің ашықтығы мен болжамдылығын арттыру;
- санитариялық-эпидемиологиялық қызметке деген сенімді нығайту мүмкін болады.
VII Жалпы ұсыныстар
Санитариялық нормативтерге нақтылау мен сілтемелік тұжырымдарды алып тастау бойынша өзгерістер енгізу.
- Мемлекеттік қызметтер сапасына ішкі бақылау рәсімдерін енгізу.
- Нұсқамалардың орындалуына тиісті бақылауды қамтамасыз ету.
- Рәсімделмеген қызметтерді көрсетуді болдырмау.
- Мерзімді бұзу, формализм және бұзушылықтарды жасыру үшін жауапкершілікті күшейту.