Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ “№3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы” МКК-нен 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 939, Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жұқпалы аурулар орталығы» МКК-нен 2025 жылғы 28 сәуірдегі №949 және 2025 жылғы 30 сәуірдегі №969 келіп түскен шұғыл хабарламалар.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 30.04.2025 ж. – 26.05.2025 ж. аралығы
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жеке кәсіпкер «Даурен»
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында Қазақстан Республикасының заңнамасы мен санитариялық қағидалары талаптарының бірқатар бұзушылықтары анықталды, оның ішінде: эпидемиологиялық маңызы шамалы объектілердің қызметін бастау туралы талон-хабарламаның болмауы; өнімнің қауіпсіздігін растайтын сәйкестік құжаттары мен ілеспе құжаттарсыз тамақ өнімдерін қабылдау және сату; тағаммен жанасуға арналған қаптамасыз және таңбаланбаған өнімдерді қабылдау және өткізу; тамақ өнімдерін сақтау кезінде тауар көршілігінің сақталмауы; қызметкерлерде жұмысқа рұқсат беретін жеке медициналық кітапшалардың болмауы; өндірістік бақылау бағдарламасының болмауы; жинау құралдарының таңбаланбауы және оларды сақтау талаптарының бұзылуы. Зертханалық зерттеулер нәтижесінде дайын тағам өнімдері мен дезинфекциялық құралдардың талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды, бұл дайын өнімдерді қабылдау, сақтау және сату, сондай-ақ дезинфекциялық құралдарды сақтау және жұмыс ерітінділерін дайындау талаптарының бұзылғанын көрсетеді. Үш тексерілген қызметкердің екеуінен Staphylococcus aureus тасымалдаушылығы анықталды.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Жеке кәсіпкер «Даурен».
- Қабылданған шаралар: Кәсіпкерлік субъектісіне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, іс материалдары сотқа жолданды. Сонымен қатар, жедел ден қою шаралары қабылданды (қызметкерлерді уақытша жұмысынан шеттету, техникалық регламенттердің және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың біріңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді (тауарларды) айналымнан алып қою және сатудан қайтарып алу туралы қаулылар шығарылды); санитариялық-алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы қаулы берілді; анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар берілді.