Халықтын санитариялық-эпидемиологиялық
салауаттылығы саласындағы
тергеу жүргізу қағидаларының
7 қосымшасы
Тергеу нәтижелері бойынша ақпарат
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Чехоев көшесі, 14а мекен-жайында орналасқан Астана қаласының әкімдігінің «Центр ресоциализации «Демеу» МҚМ-нің қызмет алушылар арасында туберкулез жағдайы тіркелуіне байланысты Астана қаласы Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 2025 жылғы 30 сәуірі мен 2025 жылғы 22 мамыр аралығында эпидемиологиялық тергеу жүргізді.
Тергеу барысында санитарлық ережелер талаптарының бұзылуы анықталды.
Анықталған бұзушылықтар бойынша тергеу нәтижелері бойынша мынадай шаралар қабылданды:
- санитариялық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша «Центр ресоциализации «Демеу» МҚМ-нің басшысы атына әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.