Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: "Sabiland "бала-бақшасы тәрбиеленушісінде «Қызылша» жағдайы тіркелуіне 28.04.2025 ж. Астана қаласы әкімдігінің "№ 3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы" ШЖҚ МКК-ден түскен № 96 шұғыл хабарлама.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): жоқ
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 30.04.2025 ж. – 21.05.2025 ж. аралығы
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараоткел шағын ауданы, Танбалытас көшесі, 13 үй мекен-жайында орналасқан "SabiLand Astana" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "SabiLand Astana" бала-бақшасы.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында бір балаға арналған алаңның нормасын сақтамау, балаларға медициналық қызмет көрсетудің болмауы, топтарда қызылшаға қарсы ұжымдық иммунитетке қол жеткізбеу, балаларды күнделікті таңертеңгі тексерусіз топтарға жіберу, медициналық құжаттаманы толық көлемде жүргізбеу, жинау мүкәммалы жеткіліксіз мөлшерде қамтамасыз етілген және толық көлемде таңбаланбаған сияқты санитариялық қағидалар талаптарының бұзылуы анықталды.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: "SabiLand Astana" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
- Қабылданған шаралар: «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде ұсынымдар берілді, санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды.