Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Халықтың санитариялық-

эпидемиологиялық

саламаттығы саласындағы

тергеп-тексеру жүргізу

қағидаларына

7-қосымша

 

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: "UNIkids "бала-бақшасының тәрбиеленушілері арасында 3 жіті ішек инфекциясы жағдайларының тіркелуі бойынша 2025 жылдың 7 сәуірінде Астана қаласы әкімдігінің "№ 3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы" ШЖҚ МКК-ден түскен № 764, № 788, № 789 жіті гастроэнтерит жағдайын тіркеу туралы шұғыл хабарламалар.

  1. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана   қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасы» РММ.
  2. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ
  3. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 09.04.2025 ж. – 30.04.2025 ж. аралығы
  4. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: "TG&AMD kids" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
  5.   Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Нысанда тыйым салынған тағамдарды (тауық нагеттері) дайындауға және сатуға жол берілген; топтық үй-жайлардың, ас блогының және санитарлық тораптардың барлық жинау мүкәммалы таңбаланбаған; өндірістік бақылау ұйымдастырылмаған, өндірістік бақылау бағдарламасы жоқ; балаларды күнделікті таңертеңгі тексеру жүргізілмеген; медициналық құжаттама жүргізілмеген. Дезинфекциялау құралдарын зертханалық зерттеу нәтижесінде дезинфекциялау ерітіндісінде және құрғақ затта (таблеткаларда) белсенді әсер ететін зат концентрациясының сәйкессіздігі анықталды, бұл оларды сақтауға және дезинфекциялау жұмыс ерітінділерін дайындауға қойылатын талаптардың сақталмағанын, сондай-ақ заттар мен технологиялық жабдықтарды тиісті дезинфекциялау өңдеудің жоқтығын көрсетеді; тексерілген декреттелген топтың 8 қызметкерінің 1-нен Staphylococcus aureus тасымалдаушысын анықтау.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: "TG&AMD kids"  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
  7. Қабылданған шаралар: Кәсіпкерлік субъектісіне қатысты анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығара отырып, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза шарасы; жедел ден қою шарасы (Staphylococcus aureus тасымалдаушысы болып табылатын қызметкерді жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулы шығарылды) қабылданды; санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу туралы қаулы шығарылды; анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар берілді.

 

 

Дата публикации
16 мая 2025