Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен оның аумақтық басқармаларының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың ХАТТАМАСЫ

№ 03-24-21/396-вн от 06.05.2025

Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен оның аумақтық басқармаларының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың

ХАТТАМАСЫ

 

Астана қ.

 

 2025  жылғы 5 мамыр

сағат 15.00

 

 

Төрағалық еткен: Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы А.Қ. Шағалтаева.

Қатысқандар:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі - СЖТІТ) мүшелері.

 

Күн тәртібі:

 Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және оның аумақтық басқармаларының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық

тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылау

  1. Негізгі мәселелер:

1) Жұмыс тобы мүшелерінің анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы баяндамалары:

- Департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

- бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру кезінде (тексерулерді тіркеу және жүргізу, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасымен тексерулерді тіркеуден бас тарту, тексеру парақтарын қолдану және т.б.);

- анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамалардың орындалуын бақылау кезінде;

- жедел ден қою шараларын қолдану кезінде;

- әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолданған кезде, оның ішінде лауазымды немесе заңды тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тартудың заңдылығы, сот шешімдерін талдау кезінде (күшін жою, тоқтату, жеке қаулылар және т.б.);

- мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, оның ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің мерзімдері мен тәртібін бұзу, заңсыз санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетуден заңсыз бас тарту және жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау;

- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде, оның ішінде мерзімдерді бұзу фактілерін анықтау, әкімшілік рәсімдерді сақтау және т.б.;

-  персоналды басқару мәселелері бойынша;

- Департаменттің ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша (бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу).

2)   Талдамалық анықтаманың жобасын ұсыну және талқылау.

3) Ресми ресурстарда жария талқылау туралы мәліметтерді орналастыру туралы ақпарат. Ескертулер түскен жоқ.

  1. Қабылданған шешім:

СЖТІТ нәтижелері туралы анықтамаларды толықтырып, түпкілікті талдау анықтамасын және іс-шаралар жоспарын дайындау үшін Департаменттің ішкі қауіпсіздік бөліміне ұсынсын.

 

Төраға                                                                     Шағалтаева А.Қ.

 Хатшы                                                                    Кох Е А.

 

 

Согласовано

06.05.2025 16:34 Арыспаев Мухамгали Каиржанович

Подписано

06.05.2025 17:42 Шагалтаева Айгул Кошмухамбетовна

Дата публикации
06 мая 2025