«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

      Ескерту. Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.10.2022 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 14.03.2023 № 153 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 14-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.07.2022 № 594 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Департамент) қала аумағында құзыретінің шегінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауға жататын өнімді, оның ішінде тамақ өнімін бақылау мен қадағалауды, техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың және биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды реттеуді және іске асыруды (бұдан әрі – реттелетін сала) жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.10.2022 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 14.03.2023 № 153 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  3. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  4. Департаменттің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  5. Департамент өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
  6. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  7. Заңды тұлғаның орналасқан жері – 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 13/3.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.10.2022 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.10.2022 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 14.03.2023 № 153 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
  2. Департаменттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
  3. Департаментке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Департаменттiң мiндеттерi, құқықтары мен міндеттемелері

  1. Міндеттері:

      1) реттелетін салада іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру;

      2) реттелетін салада мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету;

      3) Департаментке жүктелген өзге де міндеттерді өз құзыретінің шегінде жүзеге асыру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, жеке және заңды тұлғалардан реттелетін сала мәселелері бойынша ақпарат сұрату және алу;

      2) жеке және заңды тұлғалар Департаменттің және Департаменттің қарамағындағы Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгіну;

      3) Департаменттің қарамағындағы Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне реттелетін сала мәселелері бойынша әдіснамалық және консультациялық көмек көрсету;

      4) реттелетін саладағы мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;

      5) өз құзыретінің шегінде консультациялық-кеңесші және сараптама комиссияларын (жұмыс топтарын) құру;

      6) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті қалыптастыру;

      7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;

      8) реттелетін салада Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданылуына талдау жүргізу;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқа ұйымдардан мамандарды тексеру және сараптама жүргізуге тарту;

      10) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын, мемлекеттік органдар қабылдаған актілердің күшін жою, өзгерту, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізу;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

      12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

  1. Функциялары:

      1) реттелетін салада мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

      3) техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      4) халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын радиациялық бақылауды жүзеге асыру;

      5) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауға жататын өнімді, оның ішінде тамақ өнімін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

      6) құзыретінің шегінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      6-1) мемлекеттік тіркеуге жататын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнімнің (тауарлардың) жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      6-2) органикалық өнімді өткізу сатысында Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      6-3) ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру;

      7) санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүзеге асыру;

      7-1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексеруді жүзеге асыру;

      8) құзыретінің шегінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу және мониторингтеу;

      9) құзыретінің шегінде биологиялық қауіпсіздік саласында профилактикалық іс-шараларды жүргізу;

      10) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіру;

      11) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ведомстволық статистикалық бақылауларды қамтамасыз ету;

      12) алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.03.2023 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;

      13) медициналық қалдықтардың адамға және қоршаған ортаға әсер ету дәрежесі бойынша олардың қауіптілік сыныптарын айқындау;

      14) өз құзыретінің шегінде тамақтан уланулар, инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      15) реттелетін салада мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру, мониторингтеу, рұқсат беру құжаттарын беру, олардың қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан айыру (кері қайтару);

      16) құзыреті шегінде биологиялық тәуекелдерге сыртқы бағалау жүргізу;

      17) алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.02.2025 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;

      18) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және оған қосымша беруді жүзеге асыру;

      19) денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беруді жүзеге асыру;

      20) алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.02.2025 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;

      21) инфекциялық және паразиттік ауруларға, инфекциялық аурулар қоздырғыштарының микробқа қарсы препараттарға төзімділігіне, халыққа профилактикалық екпелер жүргізуге эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру;

      22) аурулардан таза немесе аурулардың таралу деңгейі төмен аумақтарды (оның бір бөлігін) айқындау;

      23) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік пункттерді құру;

      24) йод тапшылығы ауруларының профилактикасы саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

      25) микронутриенттік жеткіліксіздікке байланысты инфекциялық емес аурулардың, оның ішінде йод тапшылығы және темір тапшылығы ауруларының профилактикасы саласындағы қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;

      26) алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.02.2025 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;

      27) медициналық қалдықтардың айналымын реттеуді және бақылауды жүзеге асыру (медициналық қалдықтарды жинау, сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату);

      28) инфекциялық емес ауруларды эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;

      29) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру;

      30) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлеу;

      31) алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.02.2025 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;

      32) бекітілген мамандықтар мен мамандандырулар тізбесіне сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына қатысты сертификаттау жүргізу;

      33) жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін не жұмыс берушінің мүддесінде өз бастамасы бойынша өзге де әрекеттерді орындауына байланысты жұмыскерге зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен болған кәсіптік аурулар және (немесе) улану жағдайларына тергеп-тексеру жүргізу;

      33-1) кәсіптік аурулар мен улануларды, инфекциялық емес сырқаттанушылықты есепке алуды жүргізу;

      34) мыналарды:

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді;

      Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша петицияларды қарау;

      Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      35) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.03.2023 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 14.06.2024 № 385 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 21.02.2025 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

3-тарау. Департамент қызметін ұйымдастыру кезінде басшысының мәртебесi мен өкiлеттiктері

  1. Департаментке басшылықты Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
  2. Департамент басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
  3. Департамент басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
  4. Департамент басшысының өкілеттіктері:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды тұлғаның құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Департаменттің және Департаменттің қарамағындағы Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды тұлғаның құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Департаменттің және Департаменттің қарамағындағы Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалыстарын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;

      3) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды тұлғаның құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Департаменттің және Департаменттің қарамағындағы Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      4) Департаменттің және Департаменттің қарамағындағы Комитеттің аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін бекітеді;

      5) Департаменттің құрылымдық бөлiмшелерiнiң ережелерiн бекiтедi;

      6) Департаменттің жұмыс регламентін бекітеді;

      7) заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттің мүдделерін білдіреді;

      8) заңнамаға сәйкес Департаменттің атынан заңды және жеке тұлғаларға наразылық білдіру және талап қою туралы шешім қабылдайды;

      9) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтарға қол қояды;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын сақтауға бағытталған шараларды қабылдайды.

      Департаменттің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

  1. Басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

4-тарау. Департаменттің мүлкі

  1. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.

      Департаменттің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Департаментке бекiтіліп берілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Департаменттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

  1. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Департаменттің қарамағындағы Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің тізбесі:

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.10.2022 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 14.03.2023 № 153 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.05.2023 № 300 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 13.12.2024 № 871 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

  1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Алматы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Есіл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.

      3-1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.

      3-2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Сарайшық ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.

  1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Сарыарқа ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
Дата публикации
30 апреля 2025