2025 жылы 26 ақпанда Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі Гүляим Тагаеваның төрағалық етуімен ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің басшысы Марзия Омарова ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Елена Кохпен бірлесіп «Алматы», «Байқоңыр», «Сарайшық», «Сарыарқа» аудандарының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарына «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын құжаттармен жұмыс істеу тәртібін сақтау» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері де баяндалды.
Іс-шара барысында мамандар ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі теориясымен танысып, бағдарламалардың, компьютерлік жүйелер мен деректердің таралып кетуінен немесе бұзылуынан қорғау үшін өздеріне қажетті ақпарат алды