«Neotech Digital» мектебінің оқушылары арасында желшешек ауруының 4 жағдайының тіркелуіне байланысты Астана қаласы, Нұра ауданы, И.Омарова көшесі, 10 мекен-жайында орналасқан «Neotech Digital School» ЖШС мектебінде және «Neotech Digital» мектебіндегі «Салауатты Астана» ЖШС медициналық пунктінде Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен 2024 жылдың 22 қарашасы мен 12 желтоқсан аралығында тергеп-тексеру жүргізілді. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзушылықтары анықталған жоқ.