Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 32 ғимарат мекен-жайында орналасқан «University Medical Center» корпоративті қорының Ұлттық ана мен бала орталығында көкжөтел жағдайының тіркелуіне байланысты, Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 2024 жылғы 19 қараша мен 09 желтоқсан аралығында тергеп-тексеру жүргізді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 26 қазандағы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану оқиғалары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-153/2020 бұйрығының 2 тарау 2, 4 тармақтарының бұзылуы анықталды.
Тергеп-тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша «University Medical Center» корпоративтік қорына қатысты келесі шаралар қабылданды:
- санитариялық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы қаулы берілді;
- кәсіпкерлік субъектісі Қазақстан Республ икасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.