Ағымдағы жылдың 21 қазанында Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айгүл Шағалтаеваның төрағалық етуімен Департаменттің, сондай-ақ оның аудандық басқармаларының мамандары үшін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті Превенция басқармасының офицері Әйгерім Аңсағанова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат», сонымен қатар Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі Гүляим Тағаева «Мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтауы, құмар ойындарға қатысуын, ойын орындарына баруын шектеу және алдын алу шаралары туралы» тақырыптарында оқыту семинарын жүргізді.