Ағымдағы жылы қазан айының алғашқы аптасында Астана қаласының Сарыарқа және Нұра аудандарының СЭББ мамандарымен “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, оның ішінде “Ойын бизнесі туралы” Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға мемлекеттік қызметкерлердің қатысуы» тақырыбында семинар өтті.
Аталмыш тақырып бойынша мамандар бірқатар сұрақтарын қойып, пікірталасты.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы 8 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев «Кейбір заңнамалық актілерге ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
Енді мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары құмар ойындарға/бәс тігуге қатыса алмайды. Шектеуді сақтамағаны үшін оларды жұмыстан шығару көзделген.