Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау бойынша кеңес өтті

         2024 жылғы 20 мамырда Астана қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен оның аудандық бөлімшелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау бойынша кеңес өтті.

         Талқылау барысында аудандық басқарма  басшылары анықталған заң бұзушылықтар бойынша және оларды жоюға қабылданған шаралар туралы  түсініктемелер берді.

Талқылау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.

Дата публикации
23 мая 2024