2024 жылы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Астана қаласы санитариялық - эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Гүляим Тағаеваның төрағалығымен “Нұра” ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі профилактикалық шаралар” тақырыбында семинар өткізілді.