Астана қаласының СЭБД Әдеп жөніндегі уәкілінің 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының
49-бабына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауына мониторинг жүргізу мен бақылауды әдеп жөніндегі уәкіл жүзеге асырады.

         Әдеп жөніндегі уәкілдің мақсаттары мен міндеттері:

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

- ұжымда іскерлік және достық қарым-қатынас мен сындарлы ынтымақтастықты орнатуға және нығайтуға ықпал ету, мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың жолын кесу не оларды болдырмау жөнінде өзге де шаралар қолдану;

- еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, сондай-ақ ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық атмосфера құруға бағытталған шараларды қабылдау;

- ұжымда оң имиджді қалыптастыруға елеулі үлес қосқан тұлғаларды көтермелеу бойынша жұмыс жүргізу.

2023 жыл ішінде Әдеп жөніндегі уәкіл келесі жұмыстарды жүргізді:

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ әдеп жөніндегі уәкілінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары әзірленді және Департамент басшысының 20.03.23 ж. № 85-нқ бұйрығымен бекітілді.

2023 жылға арналған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысының кестесі әзірленді және бекітілді.

Департаментте және аудандық Басқармаларда стендтерде Әдеп кодексі және Денсаулық сақтау министрлігінің, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілдерінің фотосуреттері мен телефон нөмірлері бар деректер орналастырылған.

         Әдеп жөніндегі уәкілдің фейсбукте жеке парақшасы ашылған, онда қызметтік әдеп жөніндегі ақпараттар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі бейнероликтер орналастырылған.
2023 жылы 113 материал жарияланды, «СЭС адамдары» жаңа айдары ашылды, тоқсан сайын әдеп жөніндегі уәкілдің қызметіне талдау жарияланды, СЭБД мен СЭББ мамандары үшін сыбайлас жемқорлық және әдеп бойынша семинарлар, инфографика, сыбайлас жемқорлық бойынша түсіндірме сипаттағы бейнероликтер, тікелей эфир өткізілді.

Мемлекеттік қызметшілерді жеке қабылдау және консультациялық көмек жүргізіледі (жыл қорытындысы бойынша 25 адам қабылданды).

Тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары, семинар сабақтары өткізіледі және Департаменттің жедел кеңестерінде мәселелер қаралады.

Азаматтық қоғам институтымен бірлескен жұмыс бойынша діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Діндерді зерттеу орталығының спикерлерімен бірлесіп кездесулер мен семинарлар өткізіледі. Сондай-ақ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің мамандарымен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша түсіндірулер жүргізіледі.

22 семинар-кеңес өткізілді, оның ішінде аудандық басқармалардың қатысуымен 17-і, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша
12 семинар өткізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және болдырмау жөніндегі профилактикалық іс-шаралар шеңберінде Астана қаласының
№3 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне мамандардың баруы ұйымдастырылды, 26 маман қатысты, тергеу изоляторына 10 маман қатысты.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің алаңында «Әдеп кодексінің қағидаттары, Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысы туралы» тікелей эфир өткізілді. Онда әдеп кодексіне енгізілген өзгерістер, атқарылған жұмыстар туралы айтылды, сондай-ақ құмар ойындарының зияны туралы түсіндіріліп, ойын мекемелеріне барудан бас тарту ұсынылды.

Департаменттің интернет-ресурстарында, Әдеп жөніндегі уәкілдің жеке парақшасында жыл және тоқсан қорытындылары бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін талдау туралы жарияланымдар орналастырылған.

Мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыруға үлес қосатын, нормаларды мінсіз сақтайтын санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары туралы мақалалар дайындалып, әлеуметтік желілерде жарияланды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормаларын сақтау мәселесі бойынша онлайн сауалнамаға талдау жүргізілді.

«Сізге қандай да бір мәселе бойынша Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне және оның аумақтық Басқармаларына жүгінуге тура келді ме?» деген сұраққа сауалнамадан өткендердің 80%-і – оң, 20%-і – жоқ деп жауап берді. «Жүгінген кезде қайырылғандарға деген осы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің әдептілігін қалай бағалайсыз, нақты қай мемлекеттік органның?» деген сауалға 60%-і – жақсы, 40%-і – ештеңе айта алмаймын деп жауап берді. Барлығы ұнады деп – 70%-і, «Сізге бұл мемлекеттік қызметкерлердің қарым-қатынасы ұнамады немесе ұнады ма?» деген сұраққа 20%-і – амандаспайды, қоштаспайды, өздерін таныстырмайды деп жауап берді, 10%-і – әңгімені тез аяқтауға тырысып, ашуланып сөйлесті, 0%-і – нормативтік емес лексиканы қолданды деп жауап берді. «Халықпен қарым-қатынас кезінде мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін жақсарту үшін не істеу керек?» деген сауалға 40%-і – ештеңе қажет емес деп жауап берді, 60%-і өз нұсқасын ұсынды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 153 Жарлығымен бекітілген әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереженің
2-бөлімінің, 5-тармағының негізінде, әдеп жөніндегі уәкілдің қызметтік жазбасы негізінде ұжымда оң имидж мен жағымды ахуалды қалыптастырғаны үшін 13 мемлекеттік қызметші біржолғы ақшалай сыйақымен көтермеленді.

Әр жартыжылдықта ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне талдау жүргізіледі, мемлекеттік қызметшілердің анонимді сауалнамасының нәтижелері бойынша қолайлы моральдық-психологиялық ахуал құру бойынша ұсынымдар беріледі және қорытындылар аудандық Басқармалардың қатысуымен Департаменттің тақырыптық жедел кеңесінде қаралады, анонимді сауалнамамен 180 маман қамтылды.

Бұдан басқа мемлекеттік қызметшінің имиджін сақтау және іскерлік киім стилін сақтау бойынша әңгімелесулер жүргізіледі.

Уәкіл ретінде тұрақты негізде біздің ұжымның мемлекеттік қызметшілері арасында қызметтік әдепті сақтау бойынша мониторинг және түсіндіру жұмыстарын жүргіземін.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіледі. БАҚ-та, сондай-ақ «Астана шағымдары», «Не? Қайда? Қашан?», «Астана, мақтағым/шағымданғым келеді», «Астана. Елорда компаниялары туралы пікірлер, шағымдар мен ұсыныстар» парақшаларында санэпидбақылау қызметкерлерінің қызметіне қатысты теріс пікірлер тіркелген жоқ.

Сондай-ақ тоқсан сайын мемлекеттік қызметшілердің аккаунттарына мониторинг жүргізіледі. Штатта барлығы 182 қызметкер бар, 98 қызметкер нақты жұмыс істейді, олардың 89-ның инстаграмда аккаунты (оның ішінде
55 аккаунт жеке, яғни жабық)
және фейсбукта 40 аккаунты бар. Тексерілген аккаунттардың ішінде, атап айтқанда 34 инстаграм парақшасында және
40 фейсбук парақшасында
әдепсіз түрдегі фотосуреттер мен бейне материалдар анықталған жоқ.

Персоналды басқару қызметімен бірлесіп, Департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілерінің әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауы бойынша ақпараттық сервиске мониторинг жүргізіледі. Мониторинг нәтижесінде құқық бұзушылықтардың негізгі бөлігі – жол қозғалысы ережелерін бұзу және 1-уі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, 30 млн. теңге көлемінде айыппұл. Талдау нәтижесі аудандық басқарма Басшыларының қатысуымен Департаменттің жедел кеңестерінде баяндалады.

Сондай-ақ тәртіптік практиканы, қызметтік тергеп-тексеру материалдарын зерделеу арқылы құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларға талдау жүргізілді.

Жыл ішінде мемлекеттік қызметшілердің әдепті емес мінез-құлқына
3 шағым келіп түсті, барлық шағым қаралды, талдау, әңгімелесу жүргізілді, барлық 3 жағдайда шағымдарда баяндалған фактілер расталмады.

Қызметкерлер арасында мүдделер қақтығысы бойынша жағдайлар тіркелген жоқ.

 

Дата публикации
22 января 2024