Ағымдағы жылдың 3 қазанында Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сархат Бейсенованың төрағалығымен және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті превенция Басқармасының ІІО офицері Алмагүл Кенебаеваның қатысуымен Департамент және оның аудандық басқармаларының мамандарымен "Қызметтік өкілеттігін орындау кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жолын кесу" тақырыбында семинар - сабақ өткізілді.
Семинар барысында Сархат Бейсенова Департамент басшылығы департамент және оның аудандық басқармалары мамандарының сыбайлас жемқорлық қарсы құқық бұзушылықтар жасауына және олардың көріністеріне жол бермеуін тұрақты негізде бақылауды жүзеге асыратынын атап өтті. Солайша, тоғыз айда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша барлығы 49 семинар өткізілді.
Сондай-ақ, апта сайынғы кеңестерде Департаменттің басқармалары мен бөлім басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау қажеттілігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаудың салдары туралы назар аударылады.