Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің 2023 жылдың 3 тоқсанында атқарған жұмысы туралы
2023 жылдың үшінші тоқсанында қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша өтініш түсткен жок.
БАҚ-тағы жарияланымдарға мониторинг жүргізу барысында Департамент және оның аумақтық бөлімшелерінің мамандарына қатысты оң немесе теріс материалдар анықталған жоқ.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында департамент пен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары қызметкерлерінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарына мониторинг жүргізілді. Мониторингпен қызметкерлердің барлық аккаунттарын қамтыды. Штатта нақты жұмыс істейтін 101 қызметкер бар, олардың әлеуметтік желілерде инстаграмда 89 аккаунты бар (оның ішінде 55 аккаунт жеке, яғни жабық) және Facebook-те 40 аккаунты бар. Тексерілген аккаунттардың ішінде, атап айтқанда инстаграмның 34 бетінде және фейсбуктің 40 бетінде қоғамға қарсы мінез-құлық және қоғамдық адамгершілікті бұзу оқиғалары анықталған жоқ. БАҚ-та, атап айтқанда «Астана шағымдары», «Не? Қайда? Қашан?» санэпидбақылау қызметкерлерінің қызметіне қатысты оң немесе теріс пікірлер тіркелген жоқ.
39 түсіндіру жұмыстары, оның ішінде 8 семинар сабақтары өткізілді, 19 фейсбук парақшасында, 10 Департамент сайтында жарияланымдар орналастырылды, 1 Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің алаңында тікелей эфир, 1 видиосюжет.
Тақырыптағы семинарлар мен кеңестер:
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу шаралары" Нұра, Алматы, Сарыарқа, Байқоңыр аудандарында 4 семинар;
"Әдеп кодексінің қағидаттары, Әдеп жөніндегі уәкілдің жүргізетін жұмысы туралы" Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің алаңында тікелей эфир;
Барлық аудандық басқарма мамандарының қатысуымен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, құқықтық бұзушылықтар және олардың көріністері";
Алматы ауданының мамандарымен анонимді сауалнамамен "Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық ережелерін сақтау";
"2023 жылдың 1 жартыжылдығындағы ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал мен қызметтік этика нормаларының сақталуын мониторингілеу бойынша анонимді сауалнаманы талдау" аудандық басқармалардың қатысуымен Департаменттің тақырыптық жедел кеңесі.
Әдеп жөніндегі уәкіл Астана қаласының №3 қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне баруды ұйымдастырды 22 қыркүйекте аудандық басқармалардың 26 маманы қатысты.
Департаменттің интернет-ресурстарында, Әдеп жөніндегі уәкілдің жеке бетінде 2023 жылдың 2 тоқсаны мен 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін талдау, өткізілген семинарлар туралы жарияланымдар орналастырылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыруға өз үлесін қосатын, нормаларды мінсіз сақтайтын санитариялық-эпидемиологиялық қызмет маманы туралы мақала орналастырылған, ақпарат және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бейнеролик.
2023 жылдың үшінші тоқсанында жеке консультативтік көмек көрсетілді. Жеке консультативтік көмек және әңгімелесу санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының 7 маманымен өткізілді, жұмыстан босатуға өтініш берген мамандармен себептерін анықтау үшін және ұжымдағы маралдық-психологиялық ахуал туралы әңгіме жүргізілді.
Мемлекеттік қызметшілердің 2023 жылғы 3 тоқсандағы әкімшілік құқық бұзушылық фактілері бойынша талдау жүргізілді және есеп дайындалды.
11 адамнан тұратын мемлекеттік қызметшілерге анонимді сауалнама жүргізілді, нәтижелері бойынша ұсынымдармен талдау жүргізілді. Департаменттің жедел кеңесінде 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша сауалнаманы талдау қаралды.