Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы
30 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға» сәйкес Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің (бұдан әрі –Департамент) комиссиясы Департаменттің және оның аудандық басқармаларының мемлекеттік қызметтер көрсету және тексерулер жүргізуде сыбайлас жемқорлық көріністерінің және оның құрамдас бөліктерінің пайда болуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және азайту (жою) тұрғысынан қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау санитариялық қағидалардағы қайшылықтарға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады, онда кейбір санитариялық қағидалардың талаптары басқаларға сәйкес келмейді немесе оларда объектілерді санитариялық-эпидемиологиялық тексерудің толықтығы үшін қажетті талаптар жоқ.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде кемшіліктер анықталды, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының сипаттамалық бөлігіне санитариялық қағидалардың жекелеген талаптары енгізілмеген кезде, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларға түзетулер енгізу, объектінің қызметіне жатпайтын санитариялық қағидалардың талаптарын қолдану, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері шеңберінде болса да алдыңғы дәлелді бас тартуларда көрсетілмеген жаңа талаптар қою, өтініштерді қараудың ұзақ мерзімдері және басқа да кемшіліктер мен олқылықтар.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша нәтижелерді талқылау жөнінде кеңес өткізілді, сондай-ақ бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалды, анықталған кемшіліктер мен олқылықтарды жою және болдырмау бойынша ұсыныстар берілді.