ҚР ДСМ СЭБК Астана қаласы СЭБД Әдеп жөніндегі уәкілінің 2023 жылғы І жартыжылдықта атқарған жұмыстары туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының
49-бабына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауына мониторингті және бақылауды әдеп жөніндегі уәкіл жүзеге асырады.

Уәкілдің жұмысы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауын мониторингтеу және бақылаудан ғана тұрмайды. Бірінші кезекте функционалдық міндеттердің нақты шеңбері арқылы мемлекеттік қызметшілер арасында жұмыс жүктемесі сауатты бөлінуі тиіс, сауатты құрастырылған лауазымдық нұсқаулықтар, құқықтық жалпыға бірдей оқыту жүйесінің жұмысы, еңбек және орындаушылық тәртіпті нақты бақылау және есепке алу, ең бастысы кез келген ұжымда салауатты моральдық-психологиялық ахуал қалыптастырылып, үнемі сақталуы керек.

2023 жылдың І жартыжылдығында Әдеп жөніндегі уәкілмен төмендегідей жұмыс жүргізілді:

Жеке қабылдау жүргізілді және мемлекеттік қызметшілерге консультациялық көмек көрсетілді – 14.

І жартыжылдықта 10 семинар-кеңес өткізіліп, әдеп жөніндегі уәкілдің жеке парақшасында және сайтта 40 материал мен бейнеролик жарияланды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереженің 2-бөлімі
5-тармағының негізінде ұжымда оң имидж мен жағымды ахуалды қалыптастырғаны үшін 7 мемлекеттік қызметші біржолғы ақшалай сыйақымен көтермеленді.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіледі: одноклассники, мой мир, в контакте, инстаграм, мемлекеттік қызметшілердің аккаунтында бұзушылықтар анықталған жоқ.

2023 жылдың І жартыжылдығында БАҚ-да, атап айтқанда «Жалобы Астана», «Что? Где? Когда?» группаларында санэпидбақылау қызметкерлерінің қызметіне қатысты оң немесе теріс пікірлер тіркелген жоқ.

Сонымен қатар, персоналды басқару қызметімен Департаменттің және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауы бойынша ҚР БП ҚСжАЕК ақпараттық сервисіне мониторинг жүргізілді. Мониторинг нәтижесінде 11 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркелді. Құқық бұзушылықтардың сипаты – жол қозғалысы ережелерін бұзу.

Сондай-ақ, тәртіптік тәжірибені, қызметтік тергеу материалдарын зерделеу арқылы құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларға талдау жүргізілді.

Тәртіптік комиссияның қарауынсыз тәртіптік жауаптылыққа тартылған мемлекеттік қызметшілердің саны (қызметші өзінің теріс қылық жасау фактісімен келіседі) – 8, олардың ішінде ескертулер – 0, сөгіс – 8, қатаң сөгіс – 0.

Басшы лауазымдарды атқаратын, тәртіптік жаза қолданылған мемлекеттік қызметшілердің саны – 5, өзге де мемлекеттік лауазымдар – 3.

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасау фактісі бойынша – 0, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының нормаларын бұзу фактісі бойынша – 8.

Тәртіптік комиссияның және өзге де уәкілетті органдардың ұсынымдары бойынша тәртіптік жаза қолданылғаны – 3.

Қызметтік этика нормаларының сақталуын және ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингілеу бойынша анонимді сауалнамамен 88 мемлекеттік қызметші қамтылды, нәтижелері талданып, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал құру бойынша ұсынымдар берілді.

Қызметкерлер арасында мүдделер қақтығысы бойынша жағдайлар тіркелген жоқ.

Ұсынымдар:

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

- ұжымда іскерлік және жанашыр өзара қарым-қатынас пен сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал ету, мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесу не оған жол бермеу жөнінде өзге де шаралар қабылдау;

- еңбекті, денсаулықты қорғауға, сондай-ақ ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды құруға бағытталған шараларды қабылдау;

- оң имиджді қалыптастыруға елеулі үлес қосқан тұлғаларды көтермелеу жөнінде деректерді ұсыну бойынша жұмысты жандандыру.

ҚР ДСМ СЭБК Астана қаласы СЭБД Әдеп жөніндегі уәкілінің 2023 жылғы І жартыжылдықта атқарған жұмыстары туралы
Дата публикации
13 июля 2023