2023 жылдың екінші тоқсанында қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша өтініш түсткен жок.
БАҚ-тағы жарияланымдарға мониторинг жүргізу барысында Департамент және оның аумақтық бөлімшелерінің мамандарына қатысты оң немесе теріс материалдар анықталған жоқ. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында департамент пен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары қызметкерлерінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарына мониторинг жүргізілді. Мониторингпен қызметкерлердің барлық аккаунттарын қамтыды. Штатта барлығы 142 қызметкер бар, олардың әлеуметтік желілерде инстаграмда 98 аккаунты бар (оның ішінде 55 аккаунт жеке, яғни жабық) және Facebook-те 44 аккаунты бар. Тексерілген аккаунттардың ішінде, атап айтқанда инстаграмның 10 бетінде және фейсбуктің 10 бетінде қоғамға қарсы мінез-құлық және қоғамдық адамгершілікті бұзу оқиғалары анықталған жоқ. БАҚ-та, атап айтқанда «Астана шағымдары», «Не? Қайда? Қашан?» санэпидбақылау қызметкерлерінің қызметіне қатысты оң немесе теріс пікірлер тіркелген жоқ.
35 түсіндіру жұмыстары, оның ішінде 7 семинар сабақтары өткізілді, 28 фейсбук парақшасында жарияланымдар орналастырылды.
4 мамырда Департамент және Есіл аудандық басқармасы мамандарының қатысуымен "Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында Діни сауаттылықты қалыптастыру" азаматтық қоғам институтымен бірлескен жұмыс бойынша, 16 мамырда барлық аудандық басқармалардың мамандары үшін "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері, Кәсіпкерлік кодексті қосымша зерделеу", 30 мамырда Байқоңыр ауданының басқарсында "Діни сауаттылықты қалыптастыру", 31 мамырда Алматы аудандық басқармасында, 1 маусымда Сарыарқа аудандық басқармасында өткізілді, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіру үшін жауапкершілік" Сарыарқа, Алматы, Байқоңыр аудандарының мамандары үшін – 1 маусымда, Департамент және Есіл ауданының мамандары үшін 29 маусымда өткізілді.
Департаменттің интернет-ресурстарында, Әдеп жөніндегі уәкілдің жеке бетінде – 2023 жылдың 1 тоқсаны қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін талдауды, өткізілген семинарлар тұралы ақпарат жарияланымдар орналастырылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыруға өз үлесін қосатын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын мінсіз сақтайтын санитариялық-эпидемиологиялық қызмет маманына бап орналастырылған.
2023 жылдың екінші тоқсанында жеке консультативтік көмек көрсетілді. Жеке консультативтік көмек және әңгімелесу санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының 6 маманымен өткізілді, жұмыстан босатуға өтініш берген мамандармен себептерін анықтау үшін және ұжымдағы маралдық-психологиялық ахуал туралы әңгіме жүргізілді, жаңадан қабылданған мамандармен Әдеп кодексі тұралы әңгіме және танысу жүргізілді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормаларын сақтау мәселесі бойынша онлайн сауалнамаға талдау жүргізілді.
Мемлекеттік қызметшілердің 2023 жылғы 2 тоқсандағы әкімшілік құқық бұзушылық фактілері бойынша талдау жүргізілді және есеп дайындалды.
Моральдық-психологиялық ахуалды бағалау мақсатында ұжымда мемлекеттік қызметшілерге анонимді сауалнама жүргізілді, 79 маман қатысты.