Алматы ауданы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың көріністері мәселелері» тақырыбында семинар өткізді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың көріністері мәселелерін қарау бойынша басқарма басшысы сөз сөйледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары ("сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы ҚР Заңы), этикалық қағидаттар, қызметтен тыс мінез-құлық стандарттары, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық стандарттары (ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі) қаралды.
Аталмыш семинарға барлығы 12 маман қатысты.