Мемлекеттік қызметші жұртшылықтың күткеніне сай болуға және қоғам мен азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сенімін қамтамасыз етуге, мемлекеттік билік органдарының және жалпы мемлекеттік қызметтің оң имиджі мен беделін сақтауға тиіс.
Бұл айдарда мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыруға өз үлесін қосатын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын мінсіз сақтайтын Елордамыздың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің маманы – Қашкенова Әлсия Әбілқызын таныстырғымыз келеді.
Қашкенова Әлсия 1970 жылы 8 қаңтарда Алматы облысы Сарқан ауданы Шатырбай ауылында дүниеге келген. 1977 жылдан 1987 жылға дейін № 54 орта мектепте толық орта білім алды.
1989 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының медициналық-профилактикалық іс факультетіне түсіп, 1996 жылы дәрігер-гигиенист, эпидемиолог біліктілігін алды.
2008 жылдың қыркүйегінде Астана қаласы Мемсанэпидқадағалау басқармасының коммуналдық гигиена және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істей бастады, 2009 жылдың наурызынан 2017 жылдың ақпанына дейін Астана қаласы бойынша ҚР ДСМ МСЭҚК департаментінің коммуналдық гигиена бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2017 жылғы ақпаннан 2019 жылғы маусымға дейін Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің коммуналдық объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
Қызметті қайта ұйымдастыруға байланысты 2019 жылдың маусымынан 2020 жылға дейін Нұр-сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Халыққа қызмет көрсету сапасын үйлестіру бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. 2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің коммуналдық объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы болып жұмыс істейді.
Еңбек қызметі барысында лауазымдық нұсқаулықпен бөлімге жүктелген міндеттерін халыққа берілетін ауыз судың сапасын, су объектілерін, топырақтың жай-күйін, атмосфералық ауаны бақылауды жүзеге асыру, әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым объектілерін, коммуналдық мақсаттағы объектілерді бақылау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және т.б. мүлтіксіз орындауда.
Қоршаған орта факторларына мониторинг жүргізуді ұйымдастыру, әлеуметтік-тұрмыстық сала объектілерін бақылау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Департаменттің аумақтық басқармаларының жұмысын үйлестіріп, кеңестік-әдістемелік көмек көрсетуде.
Елордада, COVID-19 коронавирустық инфекциясының тіркелуіне байланысты алғашқы күндерден бастап шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіне өз қызметін жаңартылатын объектілер үшін жұмыс алгоритмдері мен қаулыларын дайындауға, объектілерде, персонал мен келушілерде шектеу шаралары мен карантин режимін сақтау мәселелері бойынша, тұрғын ғимараттардағы қорытынды және ағымдағы дезинфекциялық жұмыстарды жүргізуге қатысты тұрғындардан түскен өтініштерді қарауға қатысты.
Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туындаған жағдайда Департаменттің жеке құрамын даярлау жөніндегі іс-шараларды орындау кезінде ұйымдастыру-үйлестіру қызметіне қатысты. Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларға, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша аумақтық маңызы бар ТЖ жоюға қатысты.
Еңбек қызметі кезеңінде өзін лауазымдық міндеттерін үлгілі орындайтын, тапсырмаларды орындау мерзімдерін бұзбайтын және толық есептілікті ұсынатын сенімді, жауапты қызметкер ретінде көрсетті.
Ұжымда әріптестердің сұранысы мен жақсы көзқарасы бар. Ұжымның қоғамдық, мәдени өміріне белсенді қатысады.
Адамдармен жұмыс істеу, жақсы іскерлік қарым-қатынас орнату мүмкіндігі жергілікті атқарушы органмен, ұйымдармен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимылды нығайтты.
Мемлекеттік тілді жетік меңгерген, жұмысы бойынша құжаттарды, мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімдейді.
Әр түрлі деңгейдегі марапаттарға ие - алғыс хаттар, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.