Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Тагаева Гуляим Жақсыбайқызы Әдеп жөніндегі уәкілдің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары негізінде 2023 жылдың 30, 31 мамыр және 1 маусым аралығында Байқоңыр, Алматы, Сарыарқа аудандық басқармаларының қызметкерлері үшін «Діни сауаттылықты арттыру» тақырыбында семинар ұйымдастырып, өткізді.
Департамент басшысының орынбасары Тагаева Гуляим алғашқы кіріспе сөзінде мемлекеттік қызметкерлер арасында діни сауаттылықты арттыру мақсатында осындай сынды семинарлардың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қоса, Діндерді зерттеу орталығының маманы, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты Қайдар Мирас, Діндерді зерттеу орталығының бөлім басшысы Ерназаров Алмас Азимханұлы, теолог Нұрахметұлы Арман сөз сөйледі.
Семинар барысында қойылған сұрақтар бойынша түсініктемелер берілді.